Ақ қағаз
Келсе шабыт бойыңа, Не келмейді ойыңа. Ақ қағазды шимайлап, Қалам алдым қолыма. Сендей болсын жүректер, Сендей болсын тілектер. Қанат болып қаламым Ақ қағазда жортамын, Бар ойлаған ойымды Қағаз сенде қортамын. Сендей болсын жүректер, Сендей болсын тілектер. Сұнқар.Ж
Мектеп табалдырығын аттаған кезім
Нағыз білімді игеріп шығу үшін әр-бір оқушы мектеп қабырғасында онбір жыл оқуға міндетті. Сондықтан менің ойымша мектеп оқушының екінші үйі.
Менің алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезім әлі есімде. Нағашы әпекем Дидар қолымнан жетектеп Дәметкен-деген мұғалімнің класына кіргізді.Онда өзім сияқты жаңадан 1-ші класқа аяқ басып келген балалар көп екен.Жан- жағыма қарап қобалжып әрі қорқып отырдым.Ол кезде кішкентай болдымғой әке-шешеме барғым келіп бір бейтаныс жерде отырғандай бойымды қорқыныш бійледі.Ол күні әке-шешемнің жұмыстары шығып әпекем Дидарға мені тапсырған еді. Бірақ кешкісі сабақтан тарағансоң әке-шешемнің есік алдында мені күтіп тұрғанын көріп қатты қуандым.Өзімді өзім ұстай алмай біреу қуып келе жатқандай тез-тез пап-деп айқайлап жібергенімді білмей қалыппын.Біраз уақыт папам мені өзі әкеп алып жүрді.Соңыннан бойым үйренген соң дәу сомкамды өзім көтеріп өзім барып келетін болдым.Бірде ,мен сабаққа барды дегенді естіп ауылдан атам келіпті.Атамды көре сап қушақтап алып жібермей жылаппын.Ауылға алып кетіуін өтініппін.Атамда мені қыймаи алып кеткісі келген бірақ папам келіспей қойыпты.Амал жоқ осылайша мектепке ақырын –ақырын үйрендім ғой…
Қырт-тырт әңгіме
Мен және менің достарым баскетбол дегенде ішкен асымызды жерге қойушы едік. Бірақ ойлап қалмаңыз жерге емес столдың үстіне ғой. Кішкене бала не білсін 6-шы сыныпта доп ойнаймыз деп қаншама-рет сабақтан кешіккен ескерту алғанымызды мұғалімдерде санап тауыса алмаушы еді. Сол кезде баскетболға деген қызығушылығым артып жаңадан үйреніп жүрген едім. Шығырыққа бір доп түсірсем мәз болып екі күн езуім жиылмай жүретін .Күннің қай жақтан шыққанын кім білсін!!! Мектебімізге бізбен доп ойнаймыз деп басқа мектептен қыздар келіпті.Мен үйге барғалы киініп жатқанда достарымның жыйылып алып бірдеңесін айтып күбірлеп жатыр екен. Олардың абыржып енді не істейміз деген сөздерін қулағым шалып қалды. Аң-таң болып не болып жатыр мұнда?-дедім.Олардың ойы оңға бөлініп отыр екен. Біреуі тұрып ана мектіптің қыздары бізге баскетбол ойнайық деп ұсыныс қойды , үндеместен шығып кеттім деп Сағыныш баяндады.Сағынышты біз еркелетіп Саңка дейміз. Оның атқан добы сөйлемнің аяғындағы нүктедей, ал доп алып жүгіргені қоянның жылдамдығынан кем түспейді.Менде сырттай білдірмегеніммен іштей қобалжып тұрдым.Себебі доптың сырына әлі қанық бола қоймаған едім.Ана балалардан жеңіліп қалсақ, намысымыз аяққа тапталар,бізді елге мазақ қылар деп бәріміз асып-сасып тұрдық. Ойнайық десек бір пәле, ойнамайық десек екі пәле тәуекелге бел буып ұсыныстарын қабыл алып келген қыздардың жандарына бардық. Ойбай аналар дәу ғой -деп Жанбота мысқылдады. Расымен де олармен бой теңестірер болсақ басқалар сіңілісі ма деп қалуы не ғайбыл. Олардың командасында 6-қыз бар екен.Упай кезегі онда . Осылайша ойын да басталып кетті.Кірпік қаққанша алғашқы санды қарсыласымыз да салып үлгерді.Бізде әлі де бір сан салынған жоқ еді. Жүрегіміз дүлпілдеп оларға ешқашан мықты қарсылас бола алмайтын адамдай еңсеміз түсіп кетті. Біраздан кейін үзіліске шықтық.Бір-білімізге саған не болған ?-деген адамша қарап қоямыз.Маңдайымыздан су ағып, шоқтай қызып тұрмыз. Қарсылас қыздарға көз тастап қоямыз.Оларда бізге шамаларың осы ақ па?-деп ыржыңдар күліп жүр. Ішіміздегі ең жақсы ойнайтын Саңканың намысы оянғандай аналардан сескенбей жақсылап шабулын жауып қорғанысқа мән беріп ойнайық деп қатулана сөйледі.Саңканың айтқаны бойынша қарсылас қыздарды жақсылап бір-бірлеп жауып алдық. Жағдай біз ойлағаннан да күрт өзгеріп кетті. Осы жолы арыстан көрген түлкідей оларда бізден сескене түсіп, барған сайын күштері әлсіреп барады. Сан алтыдан үш болды. Үзілісте басталды. Қарсыласымыздың осал жерін тауып алғанымыз оларға тым жақсы бола қоймады.Енді төрт сан салсақ үш пен қалтырамыз деп марқая сөйлеп тұрғанда үзілісте аяқтады.Қолдарымызды бір-бірінің үстіне айқастырып алға –алға деп жоғары қарай лақтырып жіберіп,еңсемізді көтеріп,даусымызды шығарып ойнадық. Ойын барған сайын қызықты болып барады.Қарсылас қыздарда бар шамаларынша ойнап жатыр. Қолыма қаншама доп түссе де бір сала алмадым ау,-деген де Саңканың маған лақтырған добын іліп алдымда көзімді жұмып лақтырап жібердім . Бұрын соңды болмаған допқа деген бір жақсы сезімім оянғандай . Қыздарда бастарын жоғары қарай көтеріп түсуін тілеп тұрды. Ал қарсылас қыздар еріндерін тістеп доптың түсіп кетуінен алаңдап тұрғанда шыныменде ғажап шығырықты неге сонша айланғанын білмеймін сап етіп түсіп кетті . Шыныменде мұны мен салдымба деп аңқаулана қарап тұрғанымда достарым шуылдап жарайсың-деп маған қарай жүгірді.Өзімді әлем чемпионы болғандай сезіндім. Баскебол, салғаным менің жалғыз гол, қатты қуанғанымды айтып сұрамаңыз…Содан бері қолым босаса баскебол алаңына жүгіремін.
Жумонг ханзада
Маған ұнаған сериалдардың бірі Жумонг ханзада телехикаясы. Бірден бесінші күндері үнемі кешкі сағат бесте осы сериалды көру үшін теледидарға аяғымды жерге тигізбей ұшып келуші едім. Бір қызығы басталып болғанша аузымның суы құрып кететін.Меніңше бұл сериалда адамгершілік мәні өте зор. Әр-бір сериясын көргенде қызыға отырып тамашалаймын.Бірақ әкемнің шыдамы Жумонг телехикаясы біткенше әрең шыдапты.Содан біздің патша 6-7 күндер ден басқа күндері теледидарға қарамауға буйрығын жариялады-*Қуп тақсыр* демеске амал жоққой!
Анам менің періште
Мен үшін бұл әлемде өз анамнан артық пенде жоқ шығар.Анамды қатты жақсы көремін. Мені күндіз -түні мәпелеп ақ сүтін беріп,аялап түн ұйқысын төрт бөліп қараған,ақ қанатымды қақтырған , ішкенім алдымда ішпегенім артымда, ешкімнен кем қылмай өсірген анамның алдында борыштармын.Анам мені жанындай жақсы көреді.Үлкейгеніме қарамастан Сұңқушым , балапаным деп сүйсіне еркелетіп қояды. Әр қашан маған қолдау көрсетіп қиналған кезімде ақ періштедей қасымнан табылады.Мен анама бұл дүниедегі бар жақсылықтардың бәрін тілеймін.
Күн сұлу
Шығыстан күннің тәтті ұйқысынан оянып шығып келе жатқан болмысы сондай ғажап.Қараңғы даланы әп-сәтте жарық қылып, жылуымен бөлісіп 18 -ғаламға нұр сәулесін шашып жібереді.Шіркін күн,күн емес мен күн болсам нестер едім!!!…
Ертегілер
Мен әліде шығыс халық ертегілерімен, батырлар ертегісін қызыға оқимын.Ертегілер бейне бір үңгір сияқты. Оқыған сайын ішіне түсіп кетесің. Бірақ үңгірдің қараңғылығынан қорықпайсың. Себебі ертегілердің соңы жақсылықпен қауышатыны қызық…йә бақытты бопты, қосылыпты-деп аяқталғанда жақсылап бір дем алып-ап уһ деп қоямын кейде.
Соңғы пікірлер